2424-11-07

Биылғы Нобель иегері Хан Каңның сұхбаты

Хан Каң – қазіргі әдебиеттегі танымал жазушылардың бірі. Ол 2016 жылы Халықаралық Букер сыйлығын «Вегетариандық» романымен жеңіп алды.

1970 жылы Кванджу қаласында дүниеге келген оңтүстік кореялық жазушы қазір көп оқылатын қаламгердің санатында. Оның аталған романын «тілдің жойылуына қарсы күресетін үнсіздік айқайы»,деп бағалайды әдеби сарапшылар. Шығармадағы кейіпкер ұлының қамқорлығымен қатар анасынан да, өз дауысынан да айырылған әйел ретінде оқырманмен сөйлеседі. Осы қайғылы оқиғалармен күресу үшін ол өзінен алынған құндылықтардың бәрін дерліктей қалпына келтіру үшін өлі тілге, яғни ежелгі грек тіліне жүгінеді. Көп өтпей ол Борхес сияқты соқыр профессорды табады, екеуінің қарым-қатынасы оқырманға көптеген сұрақтар тудыратыны да жоқ емес.

Былайша айтқанда, оның бұл шығармасы «мына өмірде дауыссыз біз қалай өмір сүрер едік? Көру қабілетінен айырылып қалатынымызды білсек ше?» деген ұлы сұрақтарға жауап іздейді. Оның «Қара бұғы», «Сенің суық қолың», «Менің атым Күн гүлі», «Көз жасы толы көзе», «Жел соғып тұр», «Қоштасуға келме» сияқты кітаптары жарық көрген.

– Сіздің соңғы романыңыз жеке тәжірибеңізден туындады ма?

– Үшінші романым «Вегетарианнан» кейін мен төртінші романымды жазуға отырдым. Бірақ жетінші тарауға жеткенде, мен жалғастыра алмадым, мен тоқырауға ұшырадым. Сосын бір жыл бойы жазуды тоқтатып, оның оқиғаларын естен шығардым. Тіпті жетістіріп кітап та оқи алған жоқпын. Ұзақ демалыстан кейін әлгі шығарманы қайта бастадым. Осылайша, бастан өткерген тыныштықтан туындаған бұл бесінші романым «Грек сабақтары» дүниеге келді.

– Неліктен жазу қабілетін жоғалттым деп ойлайсың?

– Мүмкін ол кезде шыншыл болмаған шығармын. Жазу кезінде маған шынайылық жетіспеді, сондықтан мен жалғастыра алмадым. Кейіннен мен шындықты көркем әдебиетке жатқызуға болатынын түсіндім. Көркем шығарма жазу дегеніміз шындықты жоғалту емес. Сен соқтықпалы да соқпақсыз болса да, жазуға жетелейтін жолдарды іздеуіңіз керек.

– Сіз және сіздің кейіпкеріңіз үшін дауыс пен тіл нені білдіреді?

– Менің кейіпкерім сөйлеген сөзінен айырылып, бар күшімен оны қалпына келтіруге тырысады. Тілді қалпына келтіру үрдісі сіздің өміріңізді қалпына келтіру барысы екенін түсініңіз.

– Тілге қалай анықтама берер едіңіз?

– Бұл бірегей және маңызды орта, бірақ сонымен бірге мені қинайтыны да – осы. Кейде ол мүмкін емес орта болғандықтан, оңайлықпен жоғалтып аламыз.

– Бір сөзіңізде «Тіл – екі жүзді қылыш, оны ұстай алмайсың» депсыз.

– Иә, бұл кітапты жазу кезінде мен солай деп ойладым. Тіл – мені шынайы өмірде жақсы көретін, мен үшін маңызды жалғыз құрал. Тілге өмір бойы құштар боламын, бірақ онымен күресуден де шаршаймын.

– Сіз ақынсыз, сіздің кітабыңызда поэтикалық сарын бар. Поэзияны білмейтін жазушы нашар жазушы ма?

– Өлең жазбаған ақындар бар, бірақ өз шығармаларында поэзия да қоса жүреді. Роман жазғанда өлеңдер менің шығармашылығыма еніп кеткендей сезінемін. Кейде мен өлеңнің өзін, ал кейде поэтикалық әсерлері бар қалыпты тіркестерді қолданамын. Поэзия маған қатты әсер етті.

– Сіз Борхес туралы көп айтасыз және шабыт аласыз. Бұл нені білдіреді?

– Оның шығармалары жаныма жақын, жазғандары бірте-бірте көру қабілетін жоғалту жазғы түннің жақындай түсуімен тең екенін үнсіз айтты. Бұл мен үшін біздің ортақ тарихымыз. Бұл бәрімізде, барлық адамдарда бар жағдай.

Ағылшын тілінен аударған

Дүйсенәлі Әлімақын

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР