2525-11-06

Тексерістен кейін білім беру саласындағы бірнеше лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Оқу-ағарту министрлігінің, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бірқатар қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, биыл ақпанда орта білім беруді дамытуға бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуына мемлекеттік аудит жүргізілген. Тексеру барысында педагог кадрларды даярлау мен жұмысқа орналастыру, білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету және мемлекеттік реттеу бағыттарында бірқатар кемшіліктер анықталған.

Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата уәкілетті органдарға заңбұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырған.

Нәтижесінде жауапкершілікке тартылғандар қатарында:

  • ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті және Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағаларының орынбасарлары;

  • Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінің ректоры;

  • Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры;

  • Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің, М. Өтемісов атындағы БҚУ-дің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің, А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің және Ш. Мұртаза атындағы Тараз инновациялық институтының проректорлары;

  • М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дің деканы мен А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің кафедра меңгерушілері;

  • Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің мамандары бар.

Сонымен қатар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бөлім басшылары мен әдіскерлері де тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Соңғы жаңалықтар