Шетелде білім алып жүрген студенттер саны бойынша әлемдегі ең үздік 15 елдің қатарында Қытай (1 миллионнан астам студент) көш бастап тұр, ал Қазақстан бұл тізімнің соңында (78 мыңнан астам студент) орналасқан.
Дегенмен, ел тұрғындарының шетелде оқитын студенттерге қатынасы тұрғысынан әлемдегі үздік үштікте Сирия, Өзбекстан және Қазақстан бар. Қазақстанның әрбір 250-ші тұрғыны шетелде білім алуда.
ЖІӨ деңгейін талдау көрсеткендей, экономикалық көрсеткіштері төмен болғанымен, Сирия, Непал, Өзбекстан және Қазақстан өз жастарын озық білім алуға жіберуге тырысып отыр.
Мысалы, Дүниежүзілік банктің 2022 жылғы мәліметіне сәйкес, Қазақстан ЖІӨ деңгейі бойынша әлемде 54-ші орында тұр, бірақ шетелде білім алатын студенттер саны бойынша әлемдегі ТОП-15 елдің қатарына кіреді.
- Қазақстанда шетелде білім алатын студенттер санының азайғаны байқалады. 2019-2022 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 11 мың студентке, яғни 12%-ға қысқарған;
- Шетелде білім алатын студенттер санының төмендеуі Қазақстандағы жоғары білім жүйесінің дамуын көрсетеді;
- Қазақстан ЖІӨ мен халық санының төмендігіне қарамастан, шетелде білім алатын студенттер саны бойынша әлемдегі үздік төрттікке кіреді.
• Егер ел ішінде білім сапасын жақсартпай, шетелде білім алатын студенттер саны одан әрі азайса, бұл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Орталық Азиядағы көшбасшылық үшін күрес жағдайында елдің жоғары сапалы кадрларды қайта даярлауына қауіп төндіруі мүмкін.
Айта кетейік, Оқу-ағарту министрі колледждердегі білім сапасының төмендігіне қатысты өз пікірін білдірді.