2525-12-01

Қостанайдағы барлық мектептерде қашықтан оқыту мерзімі ұзартылды

Өңірде қашықтан оқыту 3 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

— Инфекция деңгейінің күнделікті мониторингі негізінде Қостанайдағы барлық 37 мемлекеттік мектепте қашықтан оқытуды сәрсенбі, 3 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды, — делінген хабарламада.

Бұл шара оқушылар және мектеп ұжымының қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Қосымша өзгерістер кейінірек хабарланады.

Қостанайлық оқушылар 25 қарашадан бастап қашықтан оқытуға ауысты.

 

Соңғы жаңалықтар