2525-01-22

Елордалық оқушылар қашықтан басқарылатын ақылды розетка жасап шығарды

Сәкен Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназиясының талантты оқушылары Ақбота Мелис пен Омар Джусупбек ерекше жоба әзірледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

SMART SOCKET атты бұл құрылғы Қазақстанда алғаш рет жасалып отыр. Ол телеграмм бот арқылы қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. Ең басты ерекшелігі, бұл розетка өзінде есте сақтау функциясы бар, сондай-ақ Bluetooth пен Wi-Fi арқылы толыққанды жұмыс істейді.

SMART SOCKET құрылғысының басты сипаттамалары:

  • Есте сақтау қабілеті: Құрылғы қосылған құрылғыларды және соңғы параметрлерін есінде сақтайды, бұл оны қолдануды ыңғайлы әрі қауіпсіз етеді.
  • Қосымша мүмкіндіктер: Телеграмм бот арқылы кез келген қашықтықтан басқару мүмкіндігі.
  • Желілік қосылу: Bluetooth арқылы жақын қашықтықта жұмыс істеп, Wi-Fi арқылы қосылуға болады.
  • Энергия тиімділігі: Қуат тұтынуды нақты уақытта бақылап, қажеттілікке қарай реттеуге мүмкіндік береді.
  • Қауіпсіздік: Төтенше жағдайларды анықтап, қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту мүмкіндігі.
  • 3D технологиясы: Құрылғының прототипі 3D принтерде жасалып, барлық сынақтан сәтті өтті.

«SMART SOCKET — бұл технологияны адамның игілігі үшін қолданудың тамаша үлгісі. Біз жобаны әзірлеу барысында мол тәжірибе жинадық және адамдардың өмірін жеңілдетуді мақсат еттік», – дейді жобаның авторлары Ақбота мен Омар.

Жоба жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Жанаргүл Байкенжеева, бұл жобаның жас буынның шығармашылық әлеуетін дәлелдейтінін атап өтті. Сонымен қатар, ол болашақта бұл жобаны әр үйге қолжетімді етіп, оның мүмкіндіктерін әрі қарай дамыту жоспарларын бөлісті.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР