2525-01-09

2025-2026 оқу жылына арналған оқулықтар мен оқу құралдарының сараптамасы қандай?

Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы 2025-2026 оқу жылында қолдануға ұсынылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптамадан өткізді.

Сараптама барысында 278 оқулық пен оқу-әдістемелік құрал қаралды, оның 266-сы мақұлданып, пайдалануға ұсынылды.

Қосымша айта кету керек, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін Брайль шрифтімен және үлкейтілген жазумен оқулықтар әзірленді. Сондай-ақ, 4-сыныптар үшін цифрлық сауаттылық, орыс тілі, шет тілдері (ағылшын, неміс, француз), бейнелеу өнері, еңбекке баулу, жаратылыстану пәндеріне арналған оқулықтар, сондай-ақ ұйғыр және өзбек тілдерінде оқытатын мектептер үшін оқу құралдары бекітілді.

«Пәндік сараптама комиссиясында тәжірибелі педагогтар мен ғалымдар жұмыс істеді. Оқу әдебиеттері әр басылымды сынақтан өткізіп, талдау нәтижелері негізінде ғылыми-педагогикалық талаптарға сай бағаланды. Бекітілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер қазіргі білім беру талаптарына толық жауап беріп, оқушылардың табысты оқуына және болашақта қажетті маңызды дағдылар мен білімдерді дамытуға бағытталған», – деді министрліктің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Назира Әбдірахманова.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік құралдар алғаш рет кешенді сараптамадан өтті. Оған әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері, оқулық, үлестірме материалдар, демонстрациялық материалдар мен альбомдар кіреді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР