2025 жылдан бастап студенттердің стипендиясы 5,2 мың теңгеге артады. Педагогика және медицина мамандықтары бойынша білім алып жатқан жастар үшін шәкіртақы 8,4 мың теңгеге жоғарылайды.
Astana телеарнасының хабарлауынша, магистранттардың стипендиясы 18,7 мың теңгеге көбейсе, докторанттардың шәкіртақысы 22,5 мың теңгеге артады.
Қазіргі таңда докторлық ғылыми атақ алуды мақсат еткендердің ай сайынғы шәкіртақысы 262 500 теңгеге дейін ұлғайды.