2424-12-21

Директорлардың ауылдастары мен туыстарын мектепке жұмысқа қабылдау заңды ма? Ауыл мұғалімі араша сұрайды

Әлеуметтік желіде Габит Райымбеков есімді автор Шымкент қалалық білім басқармасыннан көмек сұрап жазба жариялады. Автор мектептегі кадрлық тағайындау мәселесінде әділетсіздік байқалып, мұғалімдердің пікірлері ескерілмейтіні. Он жылдық еңбек өтілі бар мұғалімнің орнына, еңбек өтілі аз, директор мен завучтың туыстары мен ауылдастары жұмысқа қабылданып жатқаны жайлы жазды. Бұл жағдай әлеуметтік желіде мұғалімдердің наразылығын тудырып, әділдік пен заңдылықтың сақталмағанына наразы болып жатыр.

“Мен Шымкент қаласындағы Сәуле мөлтек ауданында орналасқан Р. Мырзашев атындағы 76-шы негізгі орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істеймін. Еңбек өтілім он жылдан асты. Барлық қоғамдық жұмыстар мен мерекелік іс-шараларға белсене қатыстым. Алты жыл бойы бірлестік жетекшісі болдым. Осы мектепке келгенімнен бері бар күшімді салып, еңбегімді сіңірдім. Менен кейін үш мұғалім келді. Жаңадан ашылатын 148-ші жайлы мектепке мені ешкіммен кеңеспей, сұрамастан жіберіп отыр. Менен кейін келген, еңбек өтілі екі-үш жыл ғана болған директордың ауылдастары, класстасының інісі, жақыны, завучтың қайнысы – соларды алып қалып отыр. Бұл қаншалықты заңды? Біз, мұғалімдер, ешқандай пікірімізбен санасылған жоқ. Біз қорада тұрған қой сияқты болдық па, сонда? Бір қорадан екінші қораға айдап кіргізіп қойғандай. Неге біздің пікіріміз сұралмайды? Неге біздің ойымызбен санаспайды? Біз педагогпыз, адам баласымыз, жеке ойымыз бен пікіріміз бар. Тіпті бірде-бір мұғалімнен сұраған жоқ. Санасқанда “Бармайсың ба, жайлы мектепке?” деп айтқан да жоқ. Ал ҚББ сұраған кезде, мектептің кадрлар бөлімі «мұғалімдердің өздерінің келісімімен алынған» деп өтірік ақпарат берген. Неге олар ҚББ-на жалған мәлімет береді? Мен неге кетуім керек? Менімен бірге жұмыс істеген қанша мұғалім қапа болып, көңіл-күйлері түсіп жүргенін көріп отырмын. Жайлы мектепке барамын деп ойлаған мұғалімдерді жібермей отыр. Бармаймын дегендерге өктем сөйлеп, “Мен білемін, барасың” деп айтады. Бұл жекеменшік мектеп емес, мемлекеттік мекеме ғой!

Шымкент қалалық білім басқармасынан осы мәселеге әділ шешім қабылдауды сұраймын. Егер дұрыс шешім болмаса, мен Оқу-ағарту министрлігіне және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін арызданатынымды хабарлаймын. Неге менің он жылдық еңбек өтілім бар, мен кетуім керек? Неге екі-үш жыл ғана істеген директордың ауылдастары, жақындары қалуы керек? Бұл әділдік пе? Директордың ауылдасы, жақыны немесе завучтың қайнысы қалуы керек деген заң бар ма? Бұл әділетті жаңа Қазақстанымыз ба?”

 

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР