ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігі арасындағы Stipendium Hungaricum бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум негізінде 2025-2026 оқу жылына арналған 250 оқу гранты бөлінді.
Гранттар келесі бағыттар бойынша бөлінеді:
– Бакалавриат – 110 орын
– Магистратура – 90 орын
– Бакалавриат + магистратура – 30 орын
– Докторантура – 20 орын
Грант келесі шығындарды қамтиды:
– Тегін оқу
– Ай сайынғы стипендия
– Жатақханада тұру (немесе жалдамалы пәтерге ай сайынғы 40 000 HUF өтемақы)
– Медициналық сақтандыру
Құжаттар 2024 жылғы 25 қарашадан бастап 2025 жылғы 17 қаңтарға дейін «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға тапсырылады.