2424-11-23

Тағы да мектеп есепшісі теңге жымқырды деген күдікке ілікті

Өскемен қаласында екі мектеп есепшісі 120 миллион теңге ұрлағаны үшін күдікке ілінді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Өскемендегі мектептің екі есепшісіне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының екі есепшісі алдын ала сөз байласып, 120 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді», – деп хабарлады Антикор.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, есепшілер бес жыл бойы өз есепшоттарына арттырылған жалақы мен басқа да төлемдерді аударып келген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР