18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Қазақстандық оқушы Google компаниясының жаңа бағдарламаларын жасайтын болды

Өскемендегі Назарбаев Интеллектуальды мектебінің оқушысы Жарас Әлімханов Google Glass бағдарламасына қосымша ойлап тауып, Испанияда өткен халықаралық Through сайысының жеңімпазы атанды, деп жазады  «Казахстанская правда». Енді ол алдағы уақытта компанияның өзге де бағдарламаларына қосымша ойлап табатын мүмкіндікке ие болды.

Сайыста қазақстандық оқушы125 қатысушылардың арасында жалғыз өзі ТМД атынан қатысты. Жалпы сайысқа қатысушылардың талабы бірдей болды. Ол — Google Glass бағдарламасына өз қосымшаларын енгізу.

Өз кезегінде Жарас Әлімханов онлайн режимінде аудио және текстік материалдады аударатын қосымша жасауды ұсынды. Сайыстың ережесіне сай ол өзінің қасына білікті бағдарламашы және дизайнерлерді алып, өзінің қосымшасының қысқаша таныстырылымын көрсетті. Бұл жоба сайыстың төрешілерімен мақұлданып, бірінші орынға ие болды. Енді келісім-шарт бойынша Жарас бастаған бір топ бағдарламашылар Google корпарациясының жаңа жобаларына қатысатын болады. Бұл ұжым енді қайта маусым айында жиналады.

Айта кетейік, мектеп оқушысы Валенсиядаға өткен халықаралық сайысқа Start Up Weekend  ESIC жаңа технологиялар өндіретін халықаралық компанияның шақыртуымен барған.

Жарас алдағы уақытта жоғарғы оқу орнына құжаттар тапсырады. Сайыстың ұйымдастырушылары оған әлемнің кез-келген ЖОО тапсыруға мүмкіндік беріп тұр.

http://kaz.tengrinews.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...

Әр өңірде IT мектептер болуы тиіс – Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық IT саласын дамытудағы кедергілерді атады. «Білім беру ісі мен IT-инфрақұрылымды дұрыс, сауатты ұйымдастыра білу қажет. Біз жаһандық IT-нарықтың толыққанды мүшесі...