18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Астана мен Өскеменде «Smart-мектептер» атты қанатқақты жобалар іске асырылды

— Астана қаласының № 64 мектебі мен Өскемендегі № 2 Кешенді мектеп-гимназия-балабақшасында «Samsung Smart School» қанатқақты жобасы іске асырылуда. Олардың тиімділігі бүгін Назарбаев Университетінде өткен «білім беру үдерісіндегі оқытудың интербелсенді нысандарының рөлі» атты дөңгелек үстелде талқыланды.

«Біздің мектепте «Samsung Smart School» жобасы 2013 жылдың қарашасында іске қосылған болатын. Мұндай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушылардың ынтасын едәуір көтеріп, сабақта жасалатын жұмыс көлемін ұлғайтып, түрлі анықтамалық жүйелерге, электронды кітаптарға және басқа да ақпараттық көздерге қолжетімділікті арттырады. Әр оқушы өзінің планшеті арқылы басқа оқушылармен түрлі ақпараттармен бөлісе алады», — деп атап өтті Өскемендегі № 2 Кешенді мектеп-гимназия-балабақшасының директоры Күлзира Мұхамедиева.

Ал Астанадағы № 64 мектептің 4 «в» сыныбының жетекшісі Гүлмира Мұқанованың айтуынша, аталған технология мұғалімнің білім деңгейін тексеру үдерісін едәуір жеңілдетіп, сабақ тексеруге кететін уақыт үнемделеді, сондай-ақ жаңа сабақты түсіндіру кезінде түрлі интербелсенді иллюстрацияларды, динамикалық қосымшаларды қолдануға жол ашады.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жобаның балаға зиянды жақтары да жоқ емес. Мәселен, күні бойы экранға телмірген баланың көз жанарының нашарлауы, ортамен байланыстың азаюы, қолмен жазу машығының төмендеуі, кітап оқуға зауқының соқтауы сияқты мәселелер аталып өтті.

Жалпы, «ақылды» қоғам идеясы бойынша, әртүрлі салаларда инновациялық техникалық құралдарды, қызмет көрсетулерді және интернетті пайдалану адам өмірінің барлық аспектілерін жақсартуға негіз қалайды. Осы стратегия АҚШ, Корея, Жапония және көптеген еуропалық елдер үшін эталон болып табылады. Осы елдердің болашақтағы ұлттық байлығының негізін анықтау барысында Дүниежүзілік банктің жүргізген зерттеулері жария етілді. Зерттеу бойынша болашақта бұл елдердің ұлттық байлынының тек 5 пайызы ғана пайдалы қазбалардан болады. Ал өндірістік капитал 18, оларды тиімді пайдалану алу білімі мен дағдысы 77 пайызды құрайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда білім беру үдерісінде пайдаланылатын жаңа технологиялар туралы «E-Learning» электрондық оқыту жүйесін ұлттық деңгейде ендіру жөніндегі қызметтерді бастауға мүмкіндік берген Мемлекет басшысының 2010 жылдың 7 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту» мемлекеттік бағдарламасын мақұлдау кезеңінен бастап белсенді түрде жүзеге асырыла бастады.

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігіның ресми сайтынан алынды.
Kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...