2424-11-21

Балаларды ұрып жазалау әлемнің қай елдерінде заңмен тыйым салынды

Қырғызстан мен тағы сегіз ел 18 жасқа толмаған балаларды ұрып-жазалауға толық тыйым салды. Бұл шешімге сәйкес, енді балаларды шапалақпен ұру немесе түртіп қалу сияқты дене жазаларына жол берілмейді. Осы жөнінде The Guardian басылымы хабарлайды.

Аталған елдердің қатарына Уганда, Бурунди, Шри-Ланка, Панама және Чехия да кіріп отыр.

«Бұл дене жазасына толық тыйым салу туралы шешім. Мысалы, Гамбия мен Нигерияда мектептерде де осындай жазалау түрі жойылды. Бұл міндеттемелер БҰҰ-ның Колумбиядағы бірінші дүниежүзілік тақырыптық конференциясында талқыланған», – деп жазылған басылымда.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының өкілі Бесс Герберттің айтуынша, бұл елдерде жалпы саны 150 миллионға жуық бала тұрады.

Дене жазасы деп адамның физикалық күшпен, тіпті жеңіл дәрежеде болса да, ауырсыну немесе ыңғайсыздық туғызатын әрекеттерін айтады. Сонымен қатар, қатыгездік пен ар-намысты қорлайтын психологиялық жазалар да осы тыйымға жатады.

БҰҰ-ның 193 мүшесі бар елінің 67-сінде дене жазасына толық тыйым салынған. Алғашқы болып бұл заңды 1979 жылы Швеция қабылдаған болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР