2424-11-21

Айя ҚУАНЫШЕВА. Білім беру жүйесі қаншалықты әділ?

Әлемжеліде шу боп жатқан “мақсатты мектеп” жобасына менің де мектебім енген. Мандытып түсінбесек те августің аяғында тіркеліп, сентябрь бойы модульдерді тапсырдық.

Сабаққа кедергі болғаны былай тұрсын, сайт қатып, интернет тартпай, түнімен отырған да кезіміз болды. Тіпті дайын жауаптар өріп жүрді, мұғалімдер кейін бас қатырмай сол дайын жауаптарды белгілеп, тапсырды.

Осыдан соң барып, көкейімде “Мақсатты мектептің” мақсаты осы ма?-деген үлкен сұрақ тұрды. 5 модульді аяқтаған соң, тест тапсыратындығы туралы хабарлама келді және онлайн емес, оффлайн НИШ-қа барып тапсыру міндеттелді.

Бір таңғаларлығы, сенбі күні, яғни мұғалімдердің демалыс күнін ұрлауда. Кейін Aiman Sagidulla бастаған белсенді мұғалімдер қарсылық танытып, заңсыздығын айтқан соң, каникул күндеріне ауыстырды.

Ол кезде мен ауруханада ем алып жатқам. Т2 пәні бойынша 6 әріптесім шекті ұпайды 25 ұпайдың 60% жинай алмаған. Енді соларды қайта тесттен өткізу үшін төмендегідей хабарламалар кеп жатыр.

Бүгін мектеп басшысының жекесіне тестке барудан бас тартатынымды жазып жібердім. Және петицияға қол қоятынымды да көрсеттім. Әріптестер, өз құқықтарыңызды қорғап, заңсыз жобаның “құрбаны” болмауға шақырамын!

Facebook жазбасы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР