2525-10-03

Қазақстанның Түркияға тартуы: мектеп құрылысы жартысынан асты

Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен ауданда Қазақстан салған мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2023 жылы Түркияның Газиантеп аймағында болған жойқын жер сілкінісінен кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстан атынан Нұрдағы ауданында жаңа мектеп салу бастамасы көтерілген болатын. Бүгінде бұл жоба нақты жүзеге асырылу кезеңінде.

KazAID халықаралық даму агенттігінің хабарлауынша, 960 орынға арналған білім беру мекемесінің құрылысы айтарлықтай ілгеріледі. Мектеп ғимаратында бастауыш білімге арналған 32 сынып және 4 мектепке дейінгі дайындық сыныбы қарастырылған.

Қазіргі уақытта нысанның бетон қаңқасы толығымен аяқталып, ішкі және сыртқы қабырғалар қаланған. Қасбетті әрлеу және инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс кезеңінің тең жартысынан астамы еңсерілгені атап өтілді.

Бұл гуманитарлық жоба Қазақстан мен Түркия арасындағы достық пен өзара қолдаудың нақты көрінісі болып отыр. KazAID агенттігі мектеп құрылысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес белгіленген мерзімде аяқталатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар