Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектептерде смартфон қолдануды шектеу мен Жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізуді қатар алып жүру – бір-біріне қайшы емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның айтуынша, бүгінде көптеген мектептер смартфонды мектепке әкелуге тыйым салып жатыр. Бұл шешімдерді қолдап, ол мұндай шектеу оқушылардың оқуына жағымды әсер ететінін атап өтті.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Білім-инновация лицейлері сияқты алдыңғы қатарлы оқу орындары бұл мәселені өздері-ақ шешіп отыр. Бұл – дұрыс қадам», – деді депутат.
Сонымен қатар, Аймағамбетов ЖИ қолдану тек ChatGPT-мен сабақ оқу емес екенін түсіндірді. Оның айтуынша, жасанды интеллект:
-
сыни ойлау,
-
оқу сауаттылығы,
-
фактчекинг дағдылары,
-
академиялық адалдық
сияқты маңызды бағыттарды дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, әр оқушыға жеке бейімделген оқыту мүмкіндігін де береді.
«Бізде LMS жүйелері бар, ноутбук пен компьютер арқылы білім алуға толық мүмкіндік бар», – деді ол.
Сондықтан депутаттың айтуынша, смартфонды шектеу мен ЖИ-ді дамыту қатар жүруі тиіс және бұл екеуінің арасында ешқандай қайшылық жоқ.