Оқу жылы басталғалы ата-аналар балаларға қандай медициналық көмек тегін көрсетілетінін жиі сұрайды. Бұл сұраққа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жауап берді.
Оқушылар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылған, себебі мемлекет олар үшін жарна төлейді. Осылайша, балалар тегін кепілдендірілген медициналық көмекке де, МӘМС пакетіне де толық қол жеткізе алады.
Мектеп оқушыларына қолжетімді тегін қызметтер:
-
Мектеп медицинасы (денсаулықты бақылау, алдын алу шаралары, екпе, т.б.);
-
Стоматология;
-
Дәрігер кеңесі;
-
Зертханалық талдаулар мен диагностика (УДЗ, рентген, КТ, МРТ);
-
Күндізгі және тәулік бойғы стационар;
-
Оңалту қызметтері;
-
Аурулар тізімі бойынша тегін дәрі-дәрмек;
-
Жоғары технологиялық медициналық көмек.
Бұл қызметтер мектеп бекітілген емхана арқылы көрсетіледі. Мектептердегі медицина қызметкерлері оқу жылы барысында балалардың денсаулығын бақылап, қажетті көмекті уақытында ұсынуға мүмкіндік береді.
ӘМСҚ өкілі ата-аналарға балалардың басқа емханадан қызмет алғаны туралы мәлімет пайда болған жағдайда алаңдамауға кеңес береді — бұл қызметті мектепке бекітілген емхана көрсеткен болуы мүмкін.