Елордадағы №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аңсат Алдияр Исатайұлына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы берілді, — деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми порталы.
Бұл мәртебелі марапат елімізде мектеп оқушысына алғаш рет табысталып отыр.
Шахматтан жас дарын Алдияр — Қазақстан спортындағы зор үміт күттіретін тұлғалардың бірі. Ол халықаралық және әлемдік деңгейдегі беделді жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп, бірнеше рет жеңіс тұғырынан көрінді.
Әлем чемпионаттары мен түрлі халықаралық турнирлерде еліміздің намысын абыроймен қорғап, көк байрақты жоғары көтерген жас шахматшы бүгінде — әлем чемпионы.