2525-09-18

QAZBILIM ұлттық білім беру қоры құрылды: Ұлттық мектепке – ұлт болып қолдау қажет

Қазақстанда 11 жылдан бері қазақ тілінде сапалы білім беріп келе жатқан QAZBILIM жобасы өз даму жолында жаңа кезеңге қадам басты — QAZBILIM Ұлттық білім беру қоры құрылды. Қордың басты мақсаты – қазақ тіліндегі сапалы білімді қолдау, жобаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және ұлттық мектеп идеясын сақтау.

11 жылдық жол: Сандар сөйлейді

QAZBILIM — бұл жай ғана білім беру орталығы емес. Бұл – мыңдаған қазақ баласына үміт сыйлаған, нақты нәтижелерге қол жеткізген ауқымды білім беру қозғалысы.

✅ 13 000-нан аса түлек — армандаған мамандығына грантқа түсті
✅ 2 000-нан астам оқушы — 100% тегін білім алды
✅ 5 000-нан аса балаға — жеңілдіктер ұсынылды
✅ 100-ден астам ұстаз — кәсіби қолдауға ие болды
✅ 230-дан астам оқу-әдістемелік құрал — қазақ тілінде жарық көрді

Бүгінде QAZBILIM-нің 5 мектебі жұмысын жалғастырып жатыр.


Неге Қор құрылды?

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету – ұзақ мерзімді табысты жұмыстың негізі. Әлемнің ең беделді оқу орындары – Гарвард, Стэнфорд, Оксфорд сынды университеттердің өзі қорлар мен меценаттардың қолдауымен дамиды. Қазақстанда да БИЛ, НЗМ, РФММ сынды мектептердің даму қорлары бар.

QAZBILIM де дәл сондай үлгіде дамуды көздеп отыр. Қиын сәттерде «Қалай көмектесе аламыз?» деген жанашыр жандардың сұрағына нақты жауап ретінде – QAZBILIM Ұлттық білім беру қоры құрылды.


Қор қаржысы қайда жұмсалады?

Жиналған қаражат мына бағыттарға бағытталады:

🔹 Ұстаздарды қолдау мен кәсіби дамуына
🔹 Қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу
🔹 QAZBILIM ұлттық лицейін және мектептерін дамыту

Әрбір қолдау – мыңдаған баланың болашағына қосылған үлес.

 


Қорды қолдаудың жолдары

Қорға кез келген адам қаржылай қолдау көрсете алады. Төменде банк реквизиттері көрсетілген:

🔹 Kaspi Bank:
БИН: 220640001331
КБе: 18
БИК: CASPKZKA
Шот: KZ61722S000048216959
Карта: 4277 0455 0809 9903

🔹 Халық Банк:
БИН: 220640001331
ИИК: KZ75601A871003858131
КБе: 18
БИК: HSBKKZKX
Валюта: KZT


QAZBILIM — тек білім емес, бұл — ұлттың болашағына салынған инвестиция. Ұлттық мектептің өміршең болуы – елдің рухани-мәдени тәуелсіздігімен тікелей байланысты. Сол жолда әр азаматтың үлесі маңызды.

QAZBILIM ұлттық білім беру қорына қосылыңыз — ұлттық мектепті бірге сақтайық!

Соңғы жаңалықтар