2525-09-18

2025–2029 жылдарға арналған ЖИ-ді білімге енгізу моделі қабылданды

Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2025–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу жөніндегі тұжырымдаманы бекітті. Бұл құжат Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленіп, білім саласындағы цифрлық жаңғырудың жаңа кезеңін бастайды.

Алғаш рет білім беру саласында ЖИ қолданудың бірыңғай ұлттық стандарттары бекітіліп, этика, құқық, дербес деректерді қорғау және академиялық адалдық мәселелері қамтылды. Тұжырымдама мектептермен қатар колледждер мен техникалық білім беру ұйымдарын да қамтиды.

Негізгі бағыттар:

  • ЖИ тақырыптарын оқу бағдарламасына енгізу

  • Заманауи цифрлық оқулықтар шығару

  • Оқушылардың ЖИ саласындағы сауаттылығын арттыру

  • Педагогтерді үш сатылы модель (Acquire → Deepen → Create) бойынша даярлау

  • ЖИ қолдануда этика мен адалдық қағидаларын енгізу

Министр Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бұл құжат білім беру жүйесін қауіпсіз және жүйелі жаңғыртуға негіз болады. ЖИ мұғалімді алмастырмайды, керісінше оның рөлін күшейтеді.

Жаслан Мәдиевтің мәлімдеуінше, Қазақстан ЮНЕСКО, ЭЫДҰ және ЕО ұсынымдарын негізге ала отырып, өз ұлттық моделін әзірлеген алғашқы елдердің бірі. Тұжырымдама жастардың тек технологияны тұтынушы емес, оны жасаушы болуына жағдай жасайды.

Соңғы жаңалықтар