2525-05-20

Жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырыс орналастыру қағидаларына өзгеріс енгізіледі

Сенат мақұлдауы тиіс жаңа Бюджет кодексі аясында жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына бірқатар өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы Сенат депутаттарының жауабына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

– 2025 жылғы 15 наурыздағы жаңа редакциядағы Бюджет кодексіне сәйкес, жалпы орта білімді ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге арналған шығыстар жергілікті бюджеттерге жүктелген. Осыған орай Оқу-ағарту министрлігі жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына бірқатар өзгеріс әзірледі, – деді Үкімет басшысы жауабында.

Премьер-Министрдің дерегінше, ол өзгерістер мыналар:

– жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – әкімдіктер) келісімхаты болмаса, жекеменшік мектеп ашуға және оларды қызметтерді берушілер тізбесіне енгізуге рұқсат берілмейді;

– мемлекеттік тапсырысқа үміткер мектептің жобалық қуаты кемінде 200 оқушы орнын құрауға тиіс және т.б.

– Сондай-ақ жекеменшік мектеп ғимаратының нысаналы мақсатын сақтау шартымен келісімшарт жасасу үшін әкімдіктердің растау хаты талап етіледі. Аталған келісімдер арқылы әкімдіктер нақты елді мекенде жекеменшік мектеп ашудың қажеттігін растайды. Бұл ретте оқушы орындарының тапшылығы, мемлекеттік мектептерді кеңейту мүмкіндіктері, демографиялық үрдістер ескеріледі, – деді Олжас Бектенов.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР