2525-05-06

2024–2025 оқу жылы қашан аяқталады?

Биыл еліміздегі мектептерде дәстүрлі түрде 34 аптаға созылған оқу жылы өз мәресіне жетуде. 2024–2025 оқу жылын Қазақстан бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Оның ішінде 217 мыңнан астам 11-сынып оқушысы мектеппен қоштасқалы отыр.

Оқу жылының соңғы күні – 23 мамырда барлық білім ордаларында «Білімім — Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Бұл іс-шара оқу жылын қорытындылап, оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен жетістіктерін еске түсіріп, патриотизм мен білімге құштарлықты дәріптеуге бағытталған.

Айта кетейік, 11-сынып бітірушілер үшін соңғы қоңырауға арналған салтанатты шара биыл демалыс күніне сәйкес келгендіктен, мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өткізіледі.

Білім беру ұйымдарына мерекелік іс-шараларды тек мектеп қабырғасында ұйымдастыру тапсырылды. Сән-салтанатқа, ақша жинауға, автокөлікпен шеру жасауға және басқа да сыртқы шараларға тыйым салынады. Бұл шешім барлық оқушы үшін тең жағдай мен қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР