2525-03-12

2025 жылғы ҰБТ: Тілдер мен пәндер бойынша статистика

Білім сынағына қатысушылардың 76 пайызы қазақ тілін, 23,9 пайызы орыс тілін таңдаған, ал 162 адам ағылшын тілін жөн көрген.

Тестілеудің алғашқы күні, 1 наурызда, республика бойынша 775 адам сынақтан өтті.

Талапкерлердің 17,5 пайызы медицина, педагогика және ауыл шаруашылығы мамандықтарын таңдаса, 17,1 пайызы математика-физика, 10,5 пайызы математика-информатика пәндерін таңдаған. Бұл – болашақта инженер немесе IT маманы болуды мақсат еткендердің үлесі.

ҰБТ пәндерінің саны өзгеріссіз қалды: үшеуі міндетті және екеуі таңдау пәні болып табылады. ҰБТ-дағы тапсырмалардың жалпы саны 120. Оның ішінде Қазақстан тарихынан 20, оқу сауаттылығынан 10, математикалық сауаттылықтан 10 тапсырма және екі бейіндік пәннен 40 тапсырмадан болады. Максималды балл – 140.

Тестілеу уақыты 4 сағатты құрайды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыт беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айындағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, өткен жылы мектеп пен колледжді бітірген түлектер, Қазақстан азаматы болып саналмайтын ұлты қазақ азаматтар және мектеп бітіретін түлектер қатысады. ҰБТ 6 сәуірге дейін жалғасады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР