2525-03-12

7 жасар оқушы халықаралық ғылыми олимпиадада алтын медаль алды

Астана қаласындағы №81 Astana English School халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Нұрдаулет халықаралық «StemCo» олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, 4-сынып оқушысы Зере Ақболат та үздік нәтиже көрсетіп, қола медальға ие болды.

Бірінші онлайн кезеңінен сәтті өткен жеті жастағы Нұрлан Нұрдаулет Сингапурда өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.

Өткен жылы мектеп табалдырығын алғаш аттаған Нұрлан «Математика және ғылым» пәні бойынша ең жоғары ұпайды жинап, қарсыластарының бәрінен озып, бірінші орынды жеңіп алды, осылайша еліміздің атын әлемге танытты.

Зере Ақболат «Жаратылыстану» пәні бойынша өз білімі мен дағдыларын сынап, қола медальмен марапатталды.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР