2525-01-30

Жетісуда 4000 оқушы тыйым салынған сайттарға кірген

Жетісу облысында балаларға қатысты заңға қайшы әрекеттер анықталды. Көксу ауданындағы 7 мектепте 4 мыңнан астам оқушы информатика кабинеттерінде тыйым салынған сайттарға кірген, оның ішінде «Игра Сатаны» діни ресурсы мен ересектерге арналған мазмұнды сайттар бар.

Прокуратураның тексерісі нәтижесінде бұл сайттар бұғатталды. Сонымен қатар, 7 мұғалім тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жетісу облысы прокуратурасы ата-аналарды балалардың интернеттегі белсенділігін қадағалап, олардың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударуға шақыруда.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР