2525-05-01

Мектеп директорының жемқорлық ісі бойынша сот үкімі шықты

Жетісу облысында Сарқан аудандық соты мектеп директорына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша іс қарады. Айыпталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істемей қалды.

Сарқан аудандық сотының мәліметінше, 2024 жылдың 1 наурызынан бастап мектеп директоры Р. кітапханашы мен мемлекеттік мекеменің менеджері лауазымына тағайындалған. Осы мерзім ішінде Р. менеджер лауазымы үшін алатын 40 мың теңге айлығын Б.-ның келінінің шотына аударып отырған. Бұл қаражатты Б. өз қажетіне жұмсаған.

  • Іс қаралу барысында аудан прокуроры мен айыпталушы арасында, жәбірленуші өкілінің келісімімен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 616-бабы бойынша кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасалды. Сот прокурордың ұсынған жазасын, айыпталушының жеке басын, келтірілген залалдың өтелгенін, жәбірленуші өкілінің пікірін ескере отырып, Б.-ны Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 1 900 000 теңге айыппұл салып, өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетуді шешті. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, – деп хабарлады Сарқан аудандық соты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР