2525-01-22

2025-2030 жылдары сұраныста болатын ТОП-10 мамандықтың 7-еуі білім саласына тиесілі

Елімізде алдағы 5 жылда ең жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар тізімінде мұғалімдер мен тәрбиешілер алдыңғы қатарда тұр. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының Kazinform агенттігіне берген ресми жауабында айтылған. Орталық сарапшыларының мәліметіне сәйкес, мектепке дейінгі білім беру тәрбиешілері, гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ орта мектептегі басқа пән мұғалімдері алғашқы бестікте орын алған.
2025-2030 жылдары сұраныста болатын мамандықтар

Елімізде 2025-2030 жылдар аралығында жоғары сұранысқа ие мамандықтардың ТОП-10 тізімі мынадай:

  1. 23,740 адам – Мектепке дейінгі тәрбиешілер;
  2. 22,780 адам – Орта мектептің гуманитарлық пәндер мұғалімдері;
  3. 20,352 адам – Орта мектептің жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері;
  4. 17,447 адам – Бастауыш сынып мұғалімдері;
  5. 10,655 адам – Орта мектептің басқа пәндер мұғалімдері;
  6. 8,641 адам – Бағдарламаларды тестілеу және бағдарламалау мамандары;
  7. 7,442 адам – Орта мектептің математика пәні мұғалімдері;
  8. 6,830 адам – Орта мектептің техникалық пәндер мұғалімдері;
  9. 6,421 адам – Жарнама және өнім ілгерілету мамандары;
  10. 6,116 адам – Техник-электриктер (жалпы профиль).

Бұл тізім еліміздегі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша маңызды деректерді ұсынады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР