2525-01-09

ҰБТ-2025: Тестілеу ережелері мен шарттары

Алдағы аптада Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталмақ. Жаңа жылдағы алғашқы тестілеуге 167 мың талапкер өтініш берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 мың адамға көп.

Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының мәліметі бойынша, қаңтар айындағы ҰБТ 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Бұған дейін талапкерлерге ұсынылған барлық мүмкіндіктер биыл да сақталады. Тестілеуге қатысушылар өтініш берген кезде ҰБТ тапсыратын күнін, уақытын және өткізілетін орындарды таңдауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, тестілеу барысында калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі қолдануға рұқсат етіледі. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталған соң 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляциялық комиссияның шешімінен кейін сертификат талапкердің жеке кабинетінде пайда болады.

ҰБТ пәндерінің саны өзгеріссіз қалады: үшеуі міндетті және екеуі таңдау пәндері болып табылады. Жалпы тестілеудегі тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» – 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» – 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» – 10 тапсырма, қалған 40 тапсырма екі бейінді пәннен болады. Ең жоғарғы балл – 140, бұл да өзгеріссіз қалды.

Тестілеу ұзақтығы – 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға 40 минут қосымша уақыт беріледі.

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу формасымен жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті баллды жинай алмаған, шығармашылық бағыттан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектепті тәмамдаған түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР