26.04.2024

Қазақ елі ғылым бәсекесінде үздік 8 орыннан көрінді.

Бүгін, яғни 20 шілде Елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Физика пәнінен өткен оқушылардың 45-ші Халықаралық олимпиадасының салтанатты жабылу және жеңімпаздарды маратапау рәсімі өтті.

Физика пәнінен оқушылардың 45-ші Халықаралық олимпиадасында Қазақстан құрама командасы 3 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды.
Анығырақ айтсақ, білім сайысында «алтын» медальді Әмір Бірәлин, Тұрсынбек Нұрислам және Иса Данат иеленді. Ал Нұрбек Дінмұхаммед пен Дәулет Құрмантаев«күміс» жүлдені еншіледі.
Олимпиадаға қатысқан 85 мемлекет арасында 8 орынды иеленген қазақстандық команда қорытынды бойынша бірінші ондыққа кірді.

123Салтанатты шарада I, II, III дәрежелі дипломдар мен медальдарды 45 IPhO жеңімпаздарына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі Аслан Сәрінжіпов пен Халықаралық физика олимпиадасының Президенті Джорден Ханс тапсырды.
«Қазақстан ғылым мен техниканың дамуына ерекше назар аударады. Алдағы техникалық өрлеу тәрбиелі, жалынды жастарымыз арқылы мүмкін болатынын біз айқын ұғынамыз. Сіздер өздеріңіздің олимпиадалық жігерлеріңізді көрсетіп, барлық тапсырмаларды абыроймен орындадыңыздар. Біз талапты әрі білімді оқушыларымызбен мақтан тұтамыз. Сондықтан да сіздерді даярлаған оқытушыларға, жаттықтырушыларға және делегациялардың жетекшілеріне алғысымды жеткізгім келеді. Балаларды тәрбиелеп, оқыту — ұлы миссия», — деді ҚР Білім және ғылым министрі олимпиада жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде.

Сонымен қатар министр Астанадағы IРho барша әлемнен жиналған қатысушылардың мәңгі есінде қалатынына үміт артты.

«Астана олимпиаданың эстафетасын Нью-Делиге тапсырады. Осы орайда бұл білім бәйгесінің сәтті аяқталуымен баршаларыңызды құттықтаймын. Әлемдік қоғамдастық талапты оқушылар өздерінің білімдерімен біздің әлемді жақсарта түсетініне сенеді. Сіздер бұдан кейінгі уақытта да өз елдеріңізді халықаралық аренада лайықты деңгейде көрсете аласыздар деген сенімдемін. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін, сондай-ақ Астанадағы физика бойынша 45-ші Халықаралық олимпиада әрқашанда да естеріңізде болады деп үміттенемін», — деп түйді ҚР БҒМ басшысы.

«Жалпы олимпиада жоғары деңгейде өтті деп нық сеніммен айтуға болады. Барлық жетекшілер риза болды. Біз IРhO-ны есте қаларлықтай етіп ұйымдастыруға тырыстық. Ұйымдастыру кезінде көптеген тың шараларды енгіздік», — деді физикадан Қазақстан ұлттық құрама командасының жаттықтырушысы, IРhO-ны ұйымдастырушы комитет мен академиялық комитеттің мүшесі Е. Рысмағамбетов.


Еліміз түлектерінің биік жетістігі арқасында, Халықаралық олимпиадада Қазақстан мықты елдердің ондығына еніп, ресми емес командалық есепте 8-орында тұғырланды.
Осы білім бәсекесінде еліміздің алдына Қытай, Тайвань, Корея, Вьетнам, Үндістан, Ресей елдері тұр.

Айта кетейік, 13 шілдеде басталған бұл білім сайысы елордадағы Назарбаев Университеті базасында өтті. Атап айтқанда, физикадан Астанада ұйымдастырылған осы білім додасына Қазақстанға әлемнің 85 елінен 700 — ге жуық келген еді. Бірнеше күннен бері жас физиктер 2 турға қатысып, теориялық және эксперименттік тұрғыда қазіргі заманғы физика саласында өздерінің білім деңгейін көрсетті. Екі турдың қорытындысы бойынша 45-ші IPhO-ның халықаралық қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлгегерлерді анықтады.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА