2424-12-23

Қазақстандағы жасанды интеллект технологиясының ғылым және білім саласында әсері қандай?

Жасанды интеллект (ЖИ) қазіргі кезде Қазақстанның жоғары білім мен ғылым саласына елеулі әсер етіп жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметі бойынша, 35 ғылыми-зерттеу жобасы мен бағдарламалары ЖИ технологиясын қолдана отырып жүзеге асуда. Бұл жобалар Назарбаев университеті, ҚазҰУ, ЕҰУ сияқты жоғары оқу орындарында іске асырылады.

Министрлік 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруды жүзеге асырып, ЖИ саласындағы консорциумдар мен ғылыми-зерттеу институттарын дамытуда. Digital Bridge 2023 форумында Ақылды жүйелер мен ЖИ институтын зерттеу орталығына айналдыру жұмыстары басталды.

ҚР Парламенті «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын әзірлеуді қолға алды, бұл заң ЖИ жүйелерінің қауіпсіздігін және құқықтық реттеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, 2023-2029 жылдар аралығында жоғары білімді дамыту тұжырымдамасында ЖИ әдістерін қолдану арқылы оқу процесін жаңарту көзделген. 70-тен астам жоғары оқу орны ЖИ саласында жаңа білім бағдарламаларын енгізуде.

Бұдан бөлек, Қазақстанда жетекші шетелдік университеттердің филиалдары ашылып, ЖИ саласында бірлескен бағдарламалар іске қосылды. Мысалы, Қызылорда университетінде Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университетінің филиалы жұмыс істейді. ҚазҰТЗУ мен City University of Hong Kong бірлескен «Жасанды интеллекті» бағдарламасын әзірледі.

Жоғары білім мен ғылымда ЖИ технологиясының қолданылуы, оның дамуына үлкен ықпал етіп, жаңа білім беру бағыттарын ашуға мүмкіндік беруде.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР