2424-12-30

Қазақстандық жасөспірімдер халықаралық олимпиадада үздік нәтиже көрсетті

Бухарестте XXI Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды. Оған 60 елден 360 оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндерінде өз білімдерін сынады. Қазақстан құрамасы алты оқушымен қатысып, 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды:

  • Айзере Жеңісханова (Өскемен, 10-сынып) – 2-орын
  • Әділ Жиенбаев (Алматы, 10-сынып) – 2-орын
  • Анастасия Пономарева (Астана, 9-сынып) – 3-орын
  • Әбдіжан Ибраимов (Астана, 9-сынып) – 3-орын
  • Мұнар Сағымбай (Алматы, 10-сынып) – 3-орын
  • Әлихан Іскендір (Ақтөбе, 9-сынып) – 3-орын

Команда жетекшілері: Самат Мақсұтов (PhD докторы, SDU доценті), Айдос Сәрсенбай (Ш. Есенов атындағы КТиИ университетінің студенті), Мұхаммедәлі Ғаниұлы (SDU студенті).

IJSO – 15 жасқа дейінгі оқушыларға арналған халықаралық сайыс, 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. 2023 жылы Қазақстан құрамасы Бангкоктағы жарыста да барлық қатысушыларымен медаль алған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР