2424-12-22

Жас педагогтер саны артып, өңірлерде маман тапшылығы жойылды ма?

2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында педагогтердің саны 406 мыңға жетіп, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 8 мыңға артқанын көрсетеді.

Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жоғары көрсеткіштері Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында тіркеліп отыр. Осылайша, бұл өңірлерде маман тапшылығы толығымен шешілді.

Педагог мамандығын бітірген түлектер сұраныстың орнын толтырып жатыр, өйткені соңғы жылдары дарынды жастар арасынан педагогикалық мамандықтарға қызығушылық артуда. Мысалы, өткен жылы 1500 «Алтын белгі» иегері педагог мамандығын таңдаса, биыл бұл көрсеткіш 1800-ге жетті.

«Жергілікті атқарушы органдардың педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру гранттарының санын арттыруы және шекті балдың 50-ден 75 балға дейін өсуіне қарамастан, мамандыққа деген қызығушылық жоғары деңгейде сақталуда. Биыл педагогикалық бағытта ЖОО аяқтағандардың саны 48 мыңға жетті, оның 2 мыңға жуығы облыс әкімдерінің грантымен білім алған. Жаңа оқу жылы басталғалы 8 мыңға жуық педагог жұмысқа орналасты», – дейді Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

2021 жылдан бастап білім беру жүйесіне жас мамандарды тарту мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды. Бұл шаралар арасында педагогикалық бағыттағы гранттар санының артуы, сондай-ақ ЖОО студенттері үшін стипендия мөлшерінің 58 мыңнан 67 мың теңгеге дейін ұлғаюы бар. Ал педагогикалық мамандықтарға түскен талапкерлердің ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балы 115-ті құрайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР