2424-12-22

Мұғалімдерге негізсіз төлем жасау анықталды: прокуратура қатаң шаралар қабылдады

Алматы облысының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында инклюзивті білім беру мәселелері бойынша Білім басқармасында тексеріс өткізді.

Тексеру нәтижесінде стационарлық ем қабылдайтын ерекше қажеттіліктері бар 55 баланы оқыту үшін жауапты мұғалімдерге тиісті білім беру қызметтері көрсетілмегеніне қарамастан, негізсіз төлемақы тағайындалғаны анықталды.

— Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттен негізсіз жұмсалған 4,5 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Заңға сәйкес кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады ведомство.

Алматы облысының прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып келеді. Прокуратура инклюзивті білім беру стандарттарын сақтау мен мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану, сондай-ақ әр балаға тең мүмкіндік жасау маңызды деп санайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР