2424-12-21

Жапонияның білім беру жүйесі басқа елдерден несімен өзгеше?

Бүгінгі таңда біз Жапонияның өзіндік ерекшеліктері, дәстүрлері мен ережелері бар мүлдем басқа әлем екенін жақсы білеміз. Ендеше, Жапон мектебінің ерекшеліктері туралы не білеміз? Күншығыс елінің болашақ азаматтарын өмірге қалай дайындайтыны туралы бірнеше мәліметтерді келтірейін.

Барлық балалар ақысыз білім алуы керек

  1. Жапонияда балаларды үш жасынан бастап балабақшаға міндетті түрде береді. Мұнда балалар сандарды жаттайды және хирагана мен катакана деген алфавиттерді буындап оқуды үйренеді.
  2. Бала бастауыш сыныпқа түсу үшін емтихан тапсыруы керек. Емтиханнан сүрінген бала дайындық тобына қосылып, келесі жылы тағы да бастауыш мектеп емтиханын тапсырады.
  3. Барлық бастауыш және орта мектептер ақысыз. Тек жоғарғы сыныптар мен жоғары оқу орындары ақылы.
  4. Бастауыш мектепте үй тапсырмасы берілмейді. Орта және жоғары сыныптарда да үй тапсырмасы мөлшерден аспайды. Жапонияда орта мектеп оқушыларының апталық оқу салмағы ең тығыз деп саналады.
  5. Әр мектептің өзіндік формасы болады.
  6. Мектепке барғанда аяқ киімді шешетін арнайы шкаф бар.
  7. Көптеген мектептерде шаш түсіне қатысты қатаң ережелер бар. Мектептер тек қара шашқа рұқсат береді.

Мектеп тәртібі мен сабағы қандай?

  1. Мемлекеттік және жекеменшік мектептерде ер балаларға ұзын шаш қоюға тыйым салынады.
  2. Қыздарға бетін, тырнағын бояуға немесе зергерлік бұйымдар тағуға тыйым салынады.
  3. Оқушылар тек ақ, қара немесе қара көк шұлық киюі керек. Егер мектеп ережелерін бұзып, басқа түсті шұлық киетін болса, тәркіленеді.
  4. Жапонияда бір сыныпта орта есеппен 30-40 бала оқиды.
  5. Сабақтар жыл бойына бір кабинетте өтеді, ал мұғалімдер сынып арасында жүріп сабақ береді.
  6. Оқушылар ана тілін толық үйреніп меңгеру үшін 2500-ге жуық әріптер мен таңбаларды жаттайды.
  7. Жапондық балалар оқу мен жазуды үйрену үшін алфавиттің үш түрін үйренеді. Ол жапон алфавиті, қытай иероглифінің жапон нұсқасы және латын алфавиті.
  8. Жапон мектептерінің негізгі пәндеріне математика, жапон тілі, әлеуметтік ғылымдар, музыка, дене тәрбиесі және еңбек жатады. Бүгінде бастауыш мектепте де ағылшын тілін оқытады. Сонымен қатар, салауатты өмір салты, информатика, музыка, өнер, дене және тұрмыстық еңбек, каллиграфия және хайку поэзиясы сияқты дәстүрлі өнер түрлерін оқып үйренеді.

Мектептен тыс уақытта балаларды қалай дамытады?

  1. Барлық жапон мектептері білімін жетілдіру үшін ақпараттық технологияларды қолданады. Барлық мектептерде интернет бар.
  2. Сыныптар атқарылатын жұмыстарға сәйкес шағын топтарға бөлінеді. Бұл топтар әртүрлі функцияларды орындайды, мысалы, сыныптарды жуу және қоршауларды тазалау және т.б.
  3. Көптеген мектептер оқушыларды қызығушылықтарына қарай екі топқа бөледі. Спорт клубтарына футбол, кендо, бейсбол, дзюдо, теннис, жеңіл атлетика, жүзу, волейбол, регби кіреді, ал өнер үйірмелерінде каллиграфия, математика және ғылымға әуесқойлар бар. Үйірмеден кейін балалар қайта бірігіп, бірге оқиды.

Мектеп демалысы қашан басталады?

  1. Жапон мектептерінде тазалықшылар болмайды. Сондықтан, сабақтан кейін оқушылар сыныптарды, жертөлелер мен дәретханаларды жуып, мектеп аумағын тазалайды.
  2. Жапондық оқу жылы сәуір айында басталады. Бірінші мерзім сәуір-шілдеде, екінші мерзім қыркүйек-желтоқсанда, үшінші мерзім қаңтар-наурыз айларында. Жазғы каникулдар мектепке байланысты ыстық маусымда бір жарым айға созылады.
  3. Оқушыларға үй тапсырмасы тек жазғы немесе қысқы каникул кезінде беріледі. Оқушылар бос уақытының көп бөлігін үй тапсырмаларын орындауға және каникул кезінде әртүрлі үйірмелерге баруға жұмсайды.
  4. Сабақтар әдетте таңғы 8:30-дан 15:00-ге дейін созылады. Бұрын Жапония аптасына бір күн демалатын, бірақ 1992 жылы үкімет екі күн демалу туралы шешім қабылдады. Алайда кейбір мектептерде сенбіде де сабақ өтеді.

Оқушылар өзін қалай ұстайды?

  1. Мектептерде сабақ өтпей қалады деген болмайды. Егер қандай да бір себептермен мұғалім келмесе, оқушылар өз бетімен оқиды немесе тыныш шығып кетеді. Сабақ кезінде басқа мұғалім сыныптарды бақылайды.
  2. Суда жүзу – негізгі оқу бағдарламасына кіреді. Жапон мектептерінің көпшілігінде өздерінің бассейндері бар. Егер оқушылар жүзуді үйренбеген болса, жазғы демалыста жоғалтқан уақыттың орнын толтырады.
  3. Әр мектепте диетолог бар, ол оқушыларға дұрыс тамақтануға бағыт-бағдар беретін мәзір әзірлейді. Оқушыларға мектепке тамақ, тіпті дәрі-дәрмек әкелуге тыйым салынады. Сондай-ақ, қант ас қорытуға кері әсері бар деп саналады.
  4. Оқушыларға мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады. Студенттер үзілісте немесе сабақтан тыс уақытта мектеп ауласынан шыққан соң ғана телефонмен сөйлесе алады. Егер оқушының сабағында телефон бар екені көрініп тұрса, мұғалім оны бірден тәркілейді.
  5. Сонымен қатар, жоғары сыныпқа өту үшін емтихан тапсыру керек. Емтихандар әр тоқсанның соңында және тоқсанның ортасында да өткізіледі.

Университет өмірі қандай?

  1. Университетке студенттер көлікпен бара алады. Жапонияда мектеп автобусы деген ұғым жоқ. Сондықтан оқушылар көбінесе жаяу, велосипедпен немесе қоғамдық көліктермен жүреді.
  2. Емтиханындағы ұпайыңыз неғұрлым жоғары болса, университетке түскен кезде сіздің ірі компаниялардың стипендиясына ие болу мүмкіндігіңіз жоғары болады. Сондықтан, оқу бітіргеннен кейін студенттер ақысын төлеген компаниясында жұмыс істеуі керек.
  3. Астанасы Токио мен Йокогамада сағат 22:00-ден кейін 18 жасқа толмаған балаларға ойын-сауық орындары мен ойын алаңдарына баруға тыйым салынады.

Жинақтаған Амантай Тойшыбайұлы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР