2424-12-22

Білім басқармасы басшысы туған әпкесін директоры етіп тағайындаған

Жетісу облысының білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменовтің туған әпкесі Анар Қыдырбаева Алакөл ауданының Көлбай ауылындағы Қонаев атындағы мектепте директор қызметін бір жылдан бері атқарып келеді.

2023 жылдың 16 қарашасында Көлбай ауылындағы мектепке 20 жылдан кейін жаңа басшы тағайындалды. Бұл лауазымға Жетісу облысының білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменовтің әпкесі таңдалды. Қазіргі таңда ол оқу ордасының директорының міндетін атқарушы болып жұмыс істеп жатыр, бірақ әлі ресми директор тағайындалмаған.

Ол әпкесінің мектепке басшы болып тағайындалуы заң талаптарына сай екенін, әрі бұл мәселе арнайы тексеруден өткенін атап өтті.

“Иә, ол менің әпкем. Көлбай ауылындағы мектепте қарапайым мұғалімнен бастап, бірқатар жауапты қызметтер атқарды. Оның директор міндетін атқарушы ретінде тағайындалуы менің тікелей құзыретімде емес, бұл Алакөл аудандық білім бөлімінің құзырында. Бұл мәселеге қатысты тексеріс жүргізілді, заңбұзушылық анықталған жоқ. Сондықтан оған көп көңіл бөлу қажеттігі жоқ деп есептеймін”, – деді Марат Сүлейменов.

Айта кету керек, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары Марат Сүлейменовтің тікелей бұйрығымен тағайындалады. Алайда, ауыл тұрғындарының айтуынша, Анар Қыдырбаеваның директорлық қызметке уақытша тағайындалуына мұғалімдер мен жергілікті халық қарсы болғанымен, білім бөлімінің басшылығы олардың пікіріне құлақ аспаған.

Директорлық қызметке бір жыл бойы тағайындаудың болмауы, конкурсқа қатысуға өтініш білдірген мұғалімдердің ешқайсысы арнайы тексерістен өте алмағанына байланысты. Басшылық заң бойынша ай сайын байқау өткізіп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР