Қазақстанның жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз қабылданатын оқушылардың санаты мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша заңға енгізілетін түзетулер аясында кеңейтілмек.
Енді халықаралық ғылыми жобалардың жүлдегерлеріне конкурссыз-ақ елдің жетекші жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім гранты ұсынылады. Халықаралық ғылыми жобалар тізімі Оқу ағарту министрлігінің бұйрығымен бекітіліп, оған әлемдегі ең беделді конкурстар ғана енгізілетін болады.
Бұл шара жастарды ғылыми байқауларға қатысуға ынталандырып, ғылымның беделін арттыруға және жоғары білім беру жүйесіне талантты талапкерлердің келуіне ықпал етеді.