2424-12-22

Жаңа мектептің төбесі құлап, оқушыларды ауруханаға жеткізді

Үстіне сылақ құлаған Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің үш оқушысы ертең ауруханадан шығарылуы мүмкін.

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Александр Гассманның айтуынша, қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты, олардың денсаулығына қатысты ешқандай шағым жоқ. Олар түнді жақсы өткізіп, қазір өзін жақсы сезінеді.

«4 желтоқсан күні сағат 18:28-де 12-13 жас аралығындағы үш бала ауруханаға жеткізілді. Мектепте төбенің сылағы құлап, оларға жарақат келтірген. Травматолог пен облыстың штаттан тыс невропатологы бүгін оларды тексеріп, бұған дейін қойылған «бас миы шайқалуы» диагнозы расталмады. Екі баланың арқасынан жарақат алған, ал үшінші бала басынан соққы алған», – дейді Александр Гассман.

Балалар бүгінді ауруханада өткізеді, бірақ егер жағдайлары жақсы болса, ертең үйлеріне қайтуы мүмкін. Оқуларын жалғастыруға ешқандай кедергі жоқ.

Айта кетейік, 4 желтоқсан күні Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы №6 мектепте сабақ кезінде сыныптың төбесінен сылақ құлап, салдарынан үш оқушы ауруханаға түскен. Мектептің пайдалануға берілгеніне тек төрт жыл болған.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР