Қазақстан құрамасы Халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасына (IJSO) қатысады
🇷🇴 Қазақстанның құрама командасы 2-12 желтоқсан аралығында Румынияның Бухарест қаласында өтетін XXI Халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасына (IJSO) қатысады. Бұл беделді білім сайысында әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы білім жарысына түседі.
🔹 Қазақстан құрамасы:
• Әділ Жиенбаев – Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы (Алматы);
• Мұнар Сағымбай – Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы (Алматы);
• Айзере Жеңісханова – химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы (Өскемен);
• Абдижан Ибраимов – «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы (Астана);
• Әлихан Іскендір – «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы (Ақтөбе облысы);
• Анастасия Пономарева – Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы (Астана).
Команданың жетекшілері:
• Самат Мұратбекұлы Максутов – PhD докторы, SDU доценті;
• Айдос Бекзатұлы Сәрсенбай – Ш.Есенова атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінің студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы;
• Мұхаммедали Ғаниұлы – SDU студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы.
📌 IJSO туралы: 2004 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл халықаралық ғылыми жарыс 15 жасқа дейінгі оқушыларға арналған. Қатысушылар физика, химия және биология пәндерінен білімдерін сынайды. 2023 жылы Бангкок қаласында өткен олимпиадада Қазақстан құрамасының барлық қатысушылары жүлдегер атанды. Биылғы жылы оқушылар Астанада екі апталық дайындықтан өтті.
Қазақстан құрамасына сәттілік тілейміз!