Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептердегі жаңа жылдық мерекелерге ақша жинауға қатысты пікір білдірді.
«Біз бұрын да айтқанымыздай, мектептерде ақша жинауға жол берілмеуі тиіс. Мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді үнемі білдіріп келемін. Министрлік бұйрығымен де мұндай іс-әрекеттерге тыйым салынады. Бұл жаңа жылдық шаралар мен шыршаларға да қатысты. Барлық іс-шараларды ақша жинамай ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар қазіргі уақытта барлық іс-шаралар «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жоспарланып жатыр», – деді Ғани Бейсембаев.
Министр, сонымен қатар, барлық іс-шаралардың балалардың көңіл көтеруімен қатар, тәрбиелік мәні болуы керек екенін атап өтті.