2424-12-22

Жоғары білім беру реформасы: Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептердің даму жоспарлары

Олжас Бектенов Назарбаев Университеті (NU) мен Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізіп, университет жанындағы технопарктегі ғылыми жобаларды таныстырды. Отырыста білім беру сапасын арттыру және болашақ даму жоспарлары талқыланды.

NU президенті Вакар Ахмад университеттің Орталық Азиядағы жетекші ғылыми және білім беру мекемесі екенін атап өтіп, соңғы 10 жылда 360 ғылыми жоба, 9 мыңнан астам жарияланым және 500-ден астам стартап ұсынылғанын айтты. Ал, түлектердің 95%-ы жоғары жалақылы жұмысқа орналасады.

НЗМ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин ауылдық мектептерді қолдау жобалары туралы баяндады. Қазіргі таңда 135 өңірлік білім ұйымы мен 583 мектеп директоры даярланды. Алдағы уақытта тағы 200 мектепті дамыту жоспарлануда.

Технопаркте 32 қазақстандық компания жұмыс істейді. Олжас Бектеновқа Codiplay білім беру IT-жобасы, Smartview Innovation тау-кен металлургия саласындағы стартап және IHT Central Asia медициналық өнімдер жобалары таныстырылды. Бұл жобалар халықаралық нарықтарға шығуға дайын.

Премьер-министр денсаулық сақтау министрлігіне отандық өндірушілерді қолдау тапсырмаларын беріп, Өнеркәсіп министрлігіне экспорттық қолдау шараларын кеңейту міндетін қойды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР