2424-12-22

Алматыда білім беру саласын дамытуға қосымша 4 миллиард теңге бөлінді

Алматыда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 8,3 миллиард теңге көлемінде қосымша қаржыландыру бөлінеді. Бұл қаржының 4 миллиард теңгесі білім беру саласын дамытуға жұмсалады. Бұл туралы Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәслихаттың кезекті сессиясында хабарлады.

Қаражаттың бір бөлігі білім беру нысандарын сейсмикалық күшейту және қайта жөндеуден өткізу жұмыстарын аяқтауға жұмсалмақ.

Мысалы, Си Синхай көшесіндегі балабақшаның сейсмикалық күшейту жұмыстары мен Бостандық ауданының Орбита-3 шағын ауданындағы балабақша ғимаратының жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл нысандардың құрылысын аяқтау үшін 2025 жылдың шілдесіне дейін қосымша 1 миллиард теңге бөлінеді.

«Сонымен қатар, құрылыс және реконструкция жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражат бөлу жоспарланып отыр. Алатау және Наурызбай аудандарында 3 балабақша; Алатау, Бостандық, Медеу және Түрксіб аудандарында 5 мектеп; Алатау ауданының Саялы шағын ауданында 1 даму және шығармашылық орталығы салынады. Бұдан бөлек, 26 мектепке пәндік стендтер мен парталармен жабдықтау көзделуде. Бұл қаражат оқу процесінің сапасын жақсартуға және қаладағы білім беру деңгейін арттыруға бағытталады», – деді Қанат Сухамбеков.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР