Елорда тұрғыны, Аланна Берікқызы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласының №91 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Италияда өткен шахматтан (U8-U12) халықаралық жарыста екінші рет әлем чемпионы атанып, Қазақстанның көк байрағын желбіретті.
Өткен жылы Аланна Грекияда 9 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын.
Сондай-ақ, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жас шахматшылармен кездескені туралы мәлімет бар.