2525-01-08

Үкіметтің жаңа қаулысы: халықаралық мектеп мәртебесі кімдерге беріледі?

Елімізде екі мектепке халықаралық мәртебе берілуі жоспарлануда. Үкіметтің тиісті қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметі бойынша, комиссия отырысының шешіміне сәйкес, «Школа 21 века» ЖШС мен «CA GARDEN SCHOOLS» ЖШС білім беру ұйымдарына халықаралық мектеп мәртебесін беру туралы қаулы жобасы әзірленген. Бұл жоба «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 65-бабының 4-тармағына негізделген және аталған екі білім беру ұйымына халықаралық мектеп мәртебесін тағайындауды көздейді.

Министрлік мәліметінше, бұл мектептер халықаралық мектеп мәртебесін беру талаптарына толық сәйкес келеді.

Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылы үшін жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қосымша қаражаттың қажет екендігін анықтаған.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы 677 жекеменшік мектепте 251,3 мың оқушыны қамтып, 2024 жылы республикалық бюджеттен 133,9 миллиард теңге бөлінген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР