2424-11-27

9-сынып оқушысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын жасап шығарды

Абай облысы Бородулиха ауданындағы Жезкент мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрали Амангелдиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сатылмайтын Алпамыс» атты компьютерлік ойынды жасап шығарды. Ойын квест форматында әзірленіп, оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың зиянын түсіндіруге және оған қарсы тұру мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Ойыншы тергеуші немесе журналист рөлін таңдап, тергеуді сот, прокурор немесе мемлекеттік қызметшіге қатысты жүргізеді, түрлі эпизодтардан өтіп, жемқорлықты әшкерелейді.

Қазіргі уақытта ойын құқық негіздері сабағында қолданылып жүр. Автор болашақта оны үш тілде ұялы телефондарға арналған тегін қосымша ретінде ұсынуды жоспарлап отыр. Жобаны дамытуға өткен жылы 1 000 000 теңге сыйақы ұтып алған Нұрали, ойынның әр кезеңіне Абайдың қара сөздерін қосып, оның рухани мазмұнын байытуды көздейді.

Ойын Қазақстандағы нақты оқиғаларға негізделген, әр эпизодта Қылмыстық кодекске түсіндірме беріледі, бұл оқушылардың құқықтық сауатын арттырады. Ойын соңында көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады. Нұрали бұл жобаның жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыруға көмектесетініне сенімді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР