08.05.2024

Алмахан Мұхаметқалиқыз. Неге?!?

Абайдың «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады…» дегені бар. Кейінгі кезде жауабы жоқ сұрақтардан бас көтере алмайтын болдым. Ән атаулының барлығы «мен сені сүйемін, сенсіз маған өмір жоқ, сен көктегі қол жетпес жұлдызсың» деген сияқты мәнсіз- мағынасыз болса да, өліп-талған тек махаббат. Ал өмірде сол күйіп-жанып жүрген ғашықтар неге жоқ?! Кәзіргі таңда әнші боламын деген кез-келген талантқа әнші болуға мүмкіндік бар, неге дәстүрлі әншілерді дамыта алмай келеміз?! Майын тамызып төгілтіп орындайтын төкпе термешілер мен жыршылар неге жоқ?!
1003340_1397642780452984_1760166804_nБұрын Қазақстан бойынша екі қалада ғана журналистік мамандар дайындайтын. Алматы мен Қарағандының Журфак-да оқитын кез келген студентіне табына қарайтынбыз. Олар оқып жүргенде-ақ танымал бола бастап, кейін өзекті, белгілі маманға айналатын. Кәзір жоғары оқу орындарының көпшілігі журналистиканы оқытады. Қазақша таза сөйлейтіндерінің бәрі журналист. Неге талғам жоқ?! Елдің аузында жүретін журналистік тақырып, ой-түйін неге жоқ?!
Отандық телеарналар жетіп артылады, неге тұрақты, ел іздеп жүріп көретін бағдарламалар жоқ?! Қазақстандағы танымал тұлғалардың барлығы дерлік қоғам қайраткері. Қазаққа, қазақ руханиятына жаны ашитын нағыз қоғам қайраткері неге жоқ?! Көргені мен түйгені мол ақсақалсыз, қартсыз ел болмайды. Шын жаның қысылғанда ақыл сұрайтын, айтқан ақылы жаныңа демеу болатын, кесіп айтатын, шешіп айтатын, әділетті-әділетсіз шешімді айырып отыратын ақсақалдар неге жоқ?!
Кәзір құдайға шүкір атақ аламын деушілерге атақ- даңқтың түр-түрі бар. Бас бармақпен мақтанып, марқайып тұрып көрсете алатын атақтар бар. Бірақ, соған лайық елдің аузында жүретін шығармалар, тарихи туындылар неге жоқ?! Алған атағын тізіп тауыса алмайтын ақындардың танымал бір өлеңі неге жоқ?! Ал атақта шатағы жоқ, ел арасында еліне ғана елеулі тума таланттар үйіліп-төгіліп жатқан, ебін тапқан көлденең көк аттылар ие бола салатын атаққа неліктен ие бола алмайды?!
Қазақтың даласы кең байтақ, шет елдердің кіші-гірім бір қаласында тұратын бір-ақ уыс халқына неге жер жетпейді?! Бұрынғыға қарағанда дәрігерлер де, дәрігерлік бөлімшелер де бірнеше есе көп, неге адамдар сырқаттана қалса жылдап кезек күтеді?!
Кәзір әр аялдама сайын балабақша бар, неге балаларға кезек жылдарға созылып жете алмайды?! Бастауыш мектептің балаларының өзі ғылыммен айналыса алатын заманда ғалымдардан неге тұщымды зерттеулер көре алмай жүрміз?! Білім саласында осы күнге дейін неге дұрыс оқулықтар қалыптастыра алмай келеді?! Бірдемеге киналсақ неге бірден үкіметті жазғырып шыға келеміз?! Мүмкіндік жасалған, өзіміз бірімізді-бірімізді адастырып жүрміз?! Неге?!
Ал, осыған жауап іздеңдерші енді….

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА