19.05.2024

Су тасқынынан қанша мектеп зардап шекті

Оқу-ағарту министрлігі елімізде су тасқыны салдарынан қанша мектеп пен балабақшаның зардап шеккенін жария етті.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, республика бойынша су тасқыны салдарынан 26 орта және орта-техникалық білім беру ұйымы зардап шекті.

Бүгінде оның 11-і штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Зардап шеккен 26 ұйымның қатарында 1 балабақша, 1 колледж жатақханасы бар.

Ал қалғандары – мектеп.

Бұған дейін Атырау, Ақтөбе облыстарында барлық білім алушылар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында – ТЖ жарияланған елді мекендерде мектептерде ағымдағы және аралық бақылау тоқтатылғанын жазған едік.

Яғни тоқсандық баға қорытынды баға ретінде шығарылады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА