20.05.2024

Бір тәулікте ҰБТ тапсыруға 152 438 талапкерден өтініш келіп түсті

ҰБТ-ға өтінімдерді қабылдау басталғалы бір тәулік ішінде 152 438 талапкер тіркелді.

Тестілеудің алғашқы сынағына 6-10 мамыр аралығында тіркелуге болады, деп еске салады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Ал Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан тестілеуге қатысатындар 6-13 мамыр аралығында алғашқы мүмкіндік бойынша өтініш бере алады.

Тіркелу кезінде талапкерлер өздеріне қолайлы күнді, уақытты және тестілеу орнын таңдай алады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2024 жылы барлық талапкерлерге ҰБТ-ны екі рет тапсыруға және гранттар конкурсына қатысуға мүмкіндік беріледі.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА