11.10.2024

Алматыда мектептегі тамақ сапасын бақылайтын комиссия құрылады

Алматыда мектеп асханаларында тамақтану сапасын бақылауды күшейту үшін мониторингтік комиссия құрылады. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі кеңес барысында хабарлады.

Комиссия жұмысын қалалық мектептерде тамақтану сапасын бақылау үшін қала әкімінің өкімі бойынша құрылған ведомствоаралық сараптама тобы орындайтын болады. Оның құрамына қала басшысының орынбасары, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау өкілдері, медицина қызметкерлері, мектеп әкімшілігі және ата-аналар қоғамының өкілдері кіреді. Комиссияның аралық қорытындылары 15 қыркүйекке дейін, жалпы қорытындылары – осы жылдың 25 қыркүйегіне дейін шығарылады.

Алматыда мектептегі тамақ сапасын бақылайтын комиссия құрылады
Фото: Алматы әкімдігі

«Биылғы оқу жылында мектеп асханаларында жаңа мәзір әзірленді, оған сәйкес оқушылардың тамақтануы бақыланады. Сондай-ақ, оқушылардың тамақтануына қауіпсіз жағдай жасау үшін барлық тараптардың белсенді өзара іс-қимылы қажет. Айта кету керек, бұл комиссия балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тамақтану мониторингіне бағытталған», – деді Әсем Нүсіпова.

Сонымен қатар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы жоспардан тыс тексерулердің нәтижелерін айтты.

Алматыда мектептегі тамақ сапасын бақылайтын комиссия құрылады
Фото: Алматы әкімдігі

«Алматыда 328 мектеп бақылауға алынған, оның ішінде 322-сінде ыстық тамақ ұйымдастырылған, қалғандарында буфет жүйесі жұмыс істейді. 215 мемлекеттік мектептегі асханалар жеке кәсіпкерлерге жалға берілді. Бүгінгі таңда білім басқармасының мәліметінше, 54 мектептің асханаларын жалға алушылар ауыстырылды. Айта кету керек, жалға алушылар объектінің санитариялық қағидалар талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны уақтылы алуы тиіс», – деп атап өтті Алпысбайұлы Қасымхан.

Алматыда барлығы 133 мыңнан астам білім алушы немесе орта білім беру ұйымдарының 45,3%-ы тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Бұл – халықтың әлеуметтік осал топтарының 1-4 және 5-11 сынып оқушылары.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА