11.10.2024

Алматы облысында құрылысына 2 млрд теңге жұмсалған мектеп қирап қалды

Алматы облысының Іле ауданындағы №40 мектеп 7 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген екен. Қазір 3000-ға жуық бала көрші ауылдардағы мектептергде оқуға мәжбүр дейді. Бұл туралы Алаш ақпараттық порталы хабарлады.

Ал әкімдік ғимаратты күрделі жөндеуге қайта 800 миллион теңге бөлмек. Бірақ ата-аналар мұндай шешімге қарсы. Себебі ғимарат сапасыз салынған және балалардың өміріне қауіп төндіреді.

Ал Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, кінәлілер жауапкершілікке тартылып, құрылыс компаниясына қатысты іс қозғалады. Бұл мектептің оқушылары Боралдай кентіндегі №17 және №54 орта мектептерінде білім алатын болыпты.

Қазіргі уақытта білім ордасын қалпына келтіру және жаңғырту процесі жүріп жатыр дейді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА