2424-11-21

Білім саласындағы дағдарыс: Жоғары оқу орындары мен дипломның құнсыздануы.

Елімізде жоғары білім беру жүйесінің сапасы көңіл көншітпейді. 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының түлектерінің жұмыспен қамтылу көрсеткішінің төмендігін сынға алып, университеттер санын азайтып, диплом сатумен айналысатын оқу орындарын жабуды тапсырды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, соңғы бес жылда жоғары оқу орындарының саны 125-тен 112-ге дейін қысқарды. Алайда жалған дипломмен жұмыс істейтін мамандар мәселесі шешілмеген. Мысалы, өткен жылы Ақмола облысында жалған дипломмен жұмыс істегендер анықталды, соның нәтижесінде мемлекетке 30 миллион теңгеден астам шығын келген. Маңғыстау облысында да осындай жағдай тіркелді.

Биыл Қызылорда облысында мектептер мен балабақшаларда жалған дипломмен жұмыс істейтін қызметкерлер әшкереленді. Шығыс Қазақстан облысында спорт саласында да осындай фактілер орын алған. Жалпы, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, ЖОО-лардың дипломдарды бақылаусыз беруі жалған құжаттардың таралуына себеп болғаны белгілі болды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінде де заңбұзушылықтар орын алған. 2018 жылдан бері 1 600-ден астам заңсыз берілген ғылыми дәреже анықталды, ал ЖОО-ларда студенттердің оқу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік берген жүйе сыбайлас жемқорлыққа жол ашқан.

Құқық қорғау органдары жалған диплом жасаған тұлғаларды жауапқа тартуда. Ішкі істер министрлігі өткен жылы 457 жалған диплом жасау фактісін тіркеген, бірақ көбісі мерзімі өтіп кеткендіктен тоқтатылды. Қазір жалған диплом жасау қылмыстық жауапкершілікке тартылады, айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Мұндай қылмыстардың денсаулық сақтау мен білім беру саласына зор зиян келтіретіні ескеріліп, жазаны қатайту қажет.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР